2023 жылғы 24, 27, 28 ақпанда «Семей медицина университеті»” КеАҚ бакалавриат мектептері барлық білім беру бағдарламаларының 1-5 курс студенттерімен құқық қорғау органдарымен кездесу ұйымдастырды. Орталық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторы полицияның аға лейтенанты Едлбаева Зарина Маратқызы профилактикалық мақсатта “Құмар ойындар және олардың психологиялық денсаулыққа әсері”тақырыбында құмар ойындар проблемасына, салауатты өмір салтын насихаттауға арналған дәріс оқыды.
Бұл іс – шараның негізгі мақсаты-құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, нашақорлықтың және есірткінің таралуының, бұзақылықтың, интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ оларды құмар ойындарға, деструктивті ағымдарға тартудың алдын алу.
Семей қаласының Орталық полиция бөлімінің (ОПБ) қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін Алғыс білдіреміз!
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]


