ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы
“Күміс Университет” жобасы
“Күміс Университет” жобасы аясында КеАҚ «Семей Медициналық университеті», ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Рахыжанова С.О. және оқытушы Шакабаева А.А жоспарға сәйкес 8- Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңына орай, кафедрамыздың ардагер оқытушыларына арнап мерекелік іс-шара өткізді. Мерекеге қатысушы ардагерлер: Мырзаканова Ж.Т., Сатбаева Р.Ж., Хасенова Қ.М., Нурманбетова Б.А., және осы күнде қызметін жалғастырып жүрген Сайдахметова А.С., Уразалина Н.М..
Мерекелік іс-шара мақсаты: ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту, аға ұрпаққа мейірімді, құрметпен қарауды қалыптастыру, ата-әжелерімізге жағымды, мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Университет ардагерлері біздің медициналық институттағы оқу жылдары мен өмір жолындағы қызықты естеліктерімен бөлісті.
“Күміс университет” жобасының басты мақсаты – егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік белсенділігін арттыру, физикалық және психикалық денсаулығын нығайту.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]



