10 наурыз 2023 жылы Д.М.Түсіпова атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасында Балалардағы жетіспеушілік жағдайлар мектебі аясында «Балалардағы белокты-энергетикалық жетіспеушілігі бар балаларға нутритивті қолдау» тақырыбында тәжірибелік педиатрларға арналған семинар откізілді. Семинар барысында кафедра ассистенті Назарбекова М.С.-мен белокты-энергетикалық жетіспеушілігі бар балаларды жүргізудегі қазіргі таңдағы UpToDate бойынша зерделенген мәліметтер және ДДҰ ұсыныстары бойынша клиникалық нұсқаулықтар таныстырылып, балалар тағамдары бойынша маман, балалар нутрициологы Нуралинова Айнур Турусбековнамен қазіргі таңдағы балалар тағамдары мен қоспалары жайлы жаңа мәліметтер берілді. Семинарға қатысушы өз тәжірибелерінде кездесетін клиникалық жағдайлар кезіндегі сұрақтар көтеріліп, нутрициолог маманмен бірлесіп науқастарды дұрыс жүргізу туралы кеңес берілді. Семинар соңында тәжірибелік дәрігерлер кафедраға тәжірибелік маңызы жоғары семинар уйымдастырғандары үшін алғыс білдірді.[/vc_column_text][vc_single_image image=”139123″][/vc_column][/vc_row]

