Жастар арасындағы суицид

Жастар арасындағы суицид

Жастар арасындағы суицид

Наурыз айының он бірінші жұлдызында «Семей Медициналық университеті» КеАҚ, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы №4 студенттер үйіне «Жастар арасындағы суицид» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізіп қайтты. Дөңгелек үстел барысында суицидтік жағдайлар және алдын алу шаралары туралы Т.А.Назарова атындағы физиология кафедрасының меңгерушісі Рахыжанова С.О.,магистр оқытушы Қанатбекова А.Қ.,оқытушы Шакабаева А.А және КеАҚ «Семей Медициналық университеті» психологы Тойшыбекова Айтолқын Талғатовна өз ой -пікірлерін айтып,студенттермен өзара кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар 2 курс педиатрия факультетінің студенттері студенттерге арналған суицидттік тренингтар өткізіп , сұрақ жауап түрінде өзара пікір талас жүргізіп белсене қатысты.

Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан елдегі азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрын деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған.Әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін – өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы Қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әрбір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді. Бір өкініштісі, суицид жасаушы еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері.

Жастық шақтың кезеңі-алуан түрлі қарама-қайшылыққа толы, ата-аналар мен мұғалімдерді алаңдататын, уайымға түсіретін күрделі шақ. Суицидтік әрекет көбінесе, жасөспірімнің сабақ үлгермеушілігі, оған ынтасының төмендеуі, ересектермен қарым-қатынасының шектелуі, сезім тұрақсыздығынан байқалады.

Баланың бойында патриоттық сезімді оятып, өмірге деген құлшынысын арттыру үшін нәтижелі әрі түзу бағыт-бағдар беруіміз қажет. Бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жан дүниесін түсінуі қажет. Отбасыларыңыз аман болсын![/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Дөңгелек үстелдер