БҚО «Казталов аудандық ауруханасының» өкілінің интернатура түлектерімен кездесуі

БҚО «Казталов аудандық ауруханасының» өкілінің интернатура түлектерімен кездесуі

2023 жылдың 14 наурызында «Семей медицина университеті» КеАҚ интернатурасының түлектерімен Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Казталов аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКҚК өкілімен кездесу өтті.

БҚО «Қазталов аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКҚК директорының медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Жасұлан Қадірханұлы интернатура бітірушілерге мамандыққа деген сұраныс, еңбек жағдайлары мен мансаптық перспективалар туралы ақпарат берді. Казталов аудандық ауруханасына жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін дәрігерлер қажет: терапевт – 3; хирург – 3; анестезиолог-реаниматолог – 1; балалар анестезиолог-реаниматологы – 1; невропатолог – 2; нейрохирург – 2; кардиолог – 2; интервенциялық кардиохирург – 2; рентгенолог дәрігер – 2; оңалту бойынша маман – 2; логопед – 1; дефектолог – 1; ангиохирург – 1; травматолог – 2; неонатолог – 2; акушер-гинеколог – 3; балалар хирургы – 2; тамырлы хирург – 2; емдік жаттығу терапиясының нұсқаушысы -1; массажист – 1. Әлеуметтік көмек көрсетіледі: 2 500 000 теңге мөлшерінде Денсаулық Сақтау көтерме жәрдемақысы; ауылдық квота бойынша көтерме жәрдемақы – 380 000 теңге; тұрғын үймен қамтамасыз ету – тегін тұру. Жиын барысында жергілікті атқарушы орган есебінен резидентурада оқыту шарттары талқыланды. Кездесу соңында, интернатура түлектері медициналық ұйым өкілімен байланыс телефондарымен алмасты. Қарым-қатынас жылы, бейресми жағдайда өтті, студенттер белсенді түрде сұрақтар қойды. Кездесуді Түлектерді жұмыспен қамту және Medical Foundation бөлімі, дипломнан кейінгі білім беру мектебі ұйымдастырды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: