«Семей Медициналық университеті» КеАҚ
ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы.
Жоспарға сай КеАҚ «Семей Медициналық Университеті» визитинг-профессорларды шақыру бағдарламасы аясында мастер-классты өткізуі аяқталды.
Осыған орай визитинг-профессор ретінде дәрісті оқуға Кемерево ММУ м.ғ.к., доценті Валентин Григорьевич Шелихов шақырылған.
Бұл дәрістерге КеАҚ «СМУ» «Жалпы Медицина» мамандығының 2 курс студенттері және кафедра ұжымындағы жас оқытушылар қатысты. Мастер-классты (дәріс) өткізу жас мамандарға педагогикалық тәжірибе алмасу үшін өте маңызды болып табылады, ал студенттер үшін бұл білімді алуға құштарлығы, теориямен практиканың байланысы туралы түсініктемелері жоғарлайды, шешім қабылдауға, пікірін дәлелдеуге үйретеді.
Оқылған дәрістер студенттердің көңілінен шығып м.ғ.к., доцент Валентин Григорьевич Шелиховқа сұрақтар қойып, өз рахметтерін білдірді, солардың арасында «Жалпы Медицина» мамандығының 2 курс студенті Калелова Малика 2216 топтан сөз алып, дәрістің тереңділігін, материалды ұсынудың айқындылығы мен қолжетімділігін, дәрістің танымдық аспектісін атап өтіп, қалыпты физиология кафедрасының ұжымына өз алғысын білдірді.
Сондай-ақ КеАҚ «СМУ» ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі С.О. Рахыжанова өткізілген визитинг-профессор ФМБЖБМ Кемерево ММУ госпиталдық терапия және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор С.А.Смакотинаға, осы кафедраның доценті, м.ғ.к. В. Г. Шелиховқа өз алғысын білдірді.
Кафедра меңгерушісі Сауле Орынгазыевна жас оқытушыларға мұндай кездесулер озық халықаралық тәжірибені енгізуге, кәсіби, педагогикалық және клиникалық білім мен дағдыларды кеңейтуге, жобалық идеяларды бірлесіп әзірлеуге және іске асыруға мүмкіндік беретінін алға тартып, атқарылған жұмыстың өте жоғарғы деңгейде өткенін айтып, өз алғысын білдірді. Сөз соңында доцент, м.ғ.к. Валентин Григорьевич Шелихов бізге де өз ризашылығын білдірді.