14 наурызда Қазақстанда «Көрісу күні» тойланады. «Көрісу» қазақ тілінен аударғанда «бір-бірін көру» дегенді білдіреді. Бұл күні тұрғындар бір-бірін көктемнің сәтті келуімен құттықтап, ізгі тілектерін айтып, аға буын өкілдеріне құрмет көрсетеді. Осы мерекеге байланысты 14 наурызда 2023 ж. «СМУ» КеАҚ ЖТД 619 топ интерндерінің қатысуымен сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының қонағы бұрынғы Семей облысы, облыстық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде 38 жыл бойы анестезиолог медбике болып қызмет атқарған ардагері Галиуллина Сания Шахиевна болды. Сынып сағатында Сәния Шахиевна жансақтау бөліміндегі жұмысы туралы айтып, тәжірибесінен қызықты оқиғаларды еске алды. Болашақ дәрігерлер Сәния Шахиевнаның медицина саласындағы көп жылғы еңбегіне ризашылықтарын білдіріп, құрметтерін білдіріп, қарапайым сый-сияпат жасады. Өз кезегінде облыстық аурухананың ардагері Галиуллина С.Ш. тағылымдамадан өтушілерге алдағы кәсіби қызметіне батасын беріп, оқуларына сәттілік тіледі.
Шаймарданов Н.Қ., Смаил Е.М.