Болашақ медицина мамандарын оқыту үнемі қайталанып отыратын манипуляциялар мен процедуралардың орындау тәртібіне тәуелді болмауы тиіс. Болашақ дәрігер алған білім мен дағдыларын қолдануды үйреніп қана қоймай, оны жүйелі, жан-жақты, «клиникалық ойлау» тұрғысынан да көрсете білу керек. Дәл осы мақсатта біздің университет интерендер мен резиденттердің практикалық дайындығын арттыру үшін осы жаңаманы оқу үрдісіне енгізді.
БодиИнтеракт – болашақ дәрігерлерге диагноз қоюға, клиникалық шешімдер қабылдауға және клиникалық ойлауды дамытуға, сонымен қатар білім алушыға виртуалды пациенттермен әртүрлі клиникалық сценарилерді шешуге арналған интерактивті виртуалды жүйе.
2023 жылдың 13-14 наурызда Виртумед виртуалды технологиялар жөніндегі маман Шестаков Павел Леонидович оқу клиникалық орталығында барлық клиникалық кафедралардың профессорлық оқытушылар құрамына виртуалды пациентпен жұмыс жасау бойынша оқыту-нұсқаулығын өткізді. Брифинг сапалы, кәсіби және барлық мәліметтерді түсіндіру арқылы жүргізілді. Қатысушылардың барлығы симмулятормен жұмыс істеу бойыншы өз сұрақтарына нақты жауап ала алды. Енді клиникалық кафедралар БодиИнтерактегі сценарийларды пысықтап, тәжірбиелік сабақтармен ұштастыра отырып, өзіндік тақырыптық жоспарларына енгізу қажет. Мұндай қымбат жабдықты сатып алу, үмітімізді ақтап, студенттер арасындағы лайықты бағаға ие болатына сенімдіміз!