Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы-көктемгі жаңару мерекесі, көктемгі күн мен түннің теңелу күнімен тұспа-тұс келетін жаңа жылдың басы, бұл махаббат, құнарлылық және достық салтанатының мерекесі.

17.03.2023 жылы Наурыз мерекесі қарсаңында 3621 ЖМ, 4327 ЖМ Әбсейіт Мұстафа, Жеңісбекова Шұғыла кураторлық тобының студенттері, сондай-ақ әскери кафедра мен симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысқан мерекелік іс-шара өтті. Әскери кафедра меңгерушісі, медициналық қызмет полковнигі Шыңғыс Оразмұхаметұлы Орынбасаров, аға оқытушы, запастағы полковник Ринат Төлеутайұлы Мамықанов, куратор Ван Ольга Төлеубекқызы, запастағы медициналық қызмет подполковнигі Нұрбек Сәденұлы Смайылов құттықтау сөз сөйледі. Аталған іс-шарада “Наурыз мейрамының” тұсаукесері, “сұрақ-жауап” байқауы, музыкалық нөмірлер ұсынылды. Әбсейіт Мұстафа мен Жеңісбекова Шұғыла домбырада ән шырқады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар-симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының кураторы Ван О. Т., әскери дайындық кафедрасының оқытушысы, запастағы медициналық қызметтің подполковнигі А. В. Матыцин.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз