Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Құрметті әріптестер, ардагерлер, білім алушылар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – жаңа дәурен мен жақсылықты айшықтайтын әрі өткенді саралап, бүгінді бағамдайтын, болашаққа бағыт-бағдар беретін ерекше сәт. Ежелден жаңа мен жақсының, мейірім мен имандылықтың, жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін! Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!

Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын!

 

Ізгі тілекпен, Басқарма Төрағасы – Ректор А. А. Дюсупов

Жарияланды:
Рубрикалар: Мерекелер