Қазақстанда 1926-1988 жылдар аралығында Наурыз мейрамы ел көлемінде тойланбаған. Бірақ 2001 жылдан бастап Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке болып жарияланып, үш күн – 21-23 наурыз аралығында тойланады. Наурыз мейрамы Қазақстан халқының рухани бірлігінің символы болып саналады және достық пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарады. 20.03.2023 ж. жұқпалы аурулар, дератовенерология және иммунология кафедрасының білім алушылары 623-топ ЖТД интерндері Наурыз мерекесін атап өтті. Мерекелік дастарханда болашақ дәрігерлердің өздері дайындаған «Наурыз көже» тағамы басты дәм болды. «Наурыз көже» – су, ет, тұз, май, ұн, жарма және сүт сияқты жеті құрамдас бөлікті қамтитын ұлттық тағам. Жеті санының өзі қазақ арасында киелі сипатқа ие. Наурыз көженің жеті құрамдас бөлігі өмірдің жеті қырын білдіретін. Наурыз көжеге арналған үлкен қазан бірлік нышаны. Интерндер Наурыз тақырыбына ән шырқап, би нөмірлерін дайындады. Жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасы және ЖТД 623-тобының интерндері «СМУ» КеАҚ барша қызметкерлерін көктемнің тамаша мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтайды. Сіздерге шабыт, жаңа жетістіктерге күш-қуат, ең батыл шығармашылық жоспарлар мен олардың тез арада жүзеге асуын тілейміз. Көктемнің әр күні сіздің үйіңізге махаббат пен береке әкелсін. Дендеріңіз сау және бақытты болыңыздар!
Шаймарданов Н.К., Смаил Е.М.
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]






