2023 жылдың 25 наурызында «Семей медицина университеті» КеАҚ-да Васеда университетінің әдебиет, өнер және ғылым факультетінің профессоры Хидето Цубой бастаған Жапония делегациясымен кездесу болды. Кездесу «Отбасы орталығы» ҚҚ президенті Жанна Жағфарқызы Жибраеваның көмегімен ұйымдастырылды.
Университет қонақтарын басқарма төрағасы – «СМУ» КеАҚ ректоры Дюсупов Алтай Ахметкалиевич қарсы алды. Жапондық әріптестерімен әңгіме барысында «СМУ» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректоры Алтай Ахметкалиевич Дюсупов екі ел арасындағы көптен бергі және үздіксіз дамып келе жатқан серіктестік, сондай-ақ Жапония үкіметі мен ғалымдардың баға жетпес үлесі туралы айтты. Семей ядролық сынақ полигонындағы көп жылдық сынақтардың зардаптарын жоюда, зардап шеккен халықты сауықтыруда, өңірдің экологиялық мәселелерін шешуде дәрігерлер улесі зор. Айта кету керек, Жапония осы мәселелердің барлығын шешуге көмектескен бірінші ел, көп жылдар бойы медициналық ұйымдарды заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтауға көмектесіп келеді, жетекші сарапшылар тәжірибелерімен бөліседі, Жапониядағы орталықтар Қазақстан ғалымдарын үздік ғылыми-зерттеу және білім беру іс-шараларына шақырады. Бұл жемісті ынтымақтастық бүгінде жалғасын табуда. Жиын барысында шетелдік әріптестер Қазақстанға сапарының мақсатын, оның ішінде ҰТЖ тарихы мен салдарын зерделеу туралы айтты. Университетпен танысу барысында қонақтарға Жапониядан келген әріптестері мен серіктестеріне құрмет ретінде осыдан он жылдан астам уақыт бұрын ашылған Әлем мұражайы, жапон бөлмесі көрсетілді, сонымен қатар қонақтар университеттің анатомиялық мұражайын тамашалады.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]





