16.03.2023 жылы Астанада жоғары оқу орындары ректорлары мен академиялық мәселелер бойынша проректорлар үшін «Жоғары оқу орындарының академиялық саясатындағы жаңа трендтер» атты республикалық семинар өтті. Семинарға «СМУ» КеАҚ атынан Басқарма төрағасының академиялық және тәрбиелік жұмыс жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Смаилова Жанаргуль Кайыргалиевна қатысты. Жиында «Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жобасы таныстырылды.
Жиында сөз сөйлеген Ғылым және жоғары білім Министрі Саясат Нұрбек өз баяндамасында қазіргі қоғамның трендтері мен сын-тегеуріндеріне байланысты Қазақстанның жоғары білімін одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарды жеткізді.
Сонымен қатар Іс-шара барысында спикерлер білім беру стандарттарындағы өзгерістер сипатына, микробіліктілік бағдарламаларын іске асыруға, онлайн мүмкіндіктерді пайдаланудың инновациялық тәсілдерін қолдануға, жаңа кәсіби стандарттардың негізінде білім бағдарламаларын жаңартуға, сондай-ақ «таза парақтан» реттеу саясатына байланысты мәселелерді қозғады.[/vc_column_text][vc_single_image image=”142345″][/vc_column][/vc_row]

