«Еңбек гигиенасы және қоршаған орта/HARMONEE саласындағы магистрлік бағдарламаларды үйлестіру және өзара тану» Erasmus + жобасын іске асыру аясында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының ғылыми-педагогикалық бағытының 1-курстың магистранттары Оразаева Баян және Омарбаева Сабина ағылшын тілін білу және меңгеру бойынша конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Милан университетінде (Италия) академиялық ұтқырлық бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау курсына 2 ай ғылыми тағылымдамадан өту үшін іріктелді. Erasmus+ Harmonee бағдарламасы бойынша ұтқырлық бағдарламасына қатысуға Орталық Азия университеттерінің: Қырғызстан мен Өзбекстанның басқа да білім алушылары шақырылды. Академиялық ұтқырлық кезеңінде барлық білім алушыларға ғылыми зерттеу тақырыптары берілді, олардың нәтижелері тағылымдама бағдарламасының соңына дейін ұсынылуы тиіс. Барлық білім алушылар дәрістерге қатысып, соңында университеттің атақты профессорларына емтихан тапсырады. Сондай-ақ, студенттер Милан университетінің халықаралық электронды кітапханаларына қол жетімділікті қолдана отырып, өздерінің магистрлік зерттеулері аясында материал жинай алады.[/vc_column_text][vc_single_image image=”142364″][/vc_column][/vc_row]

