“Күміс Университет” жобасы

“Күміс Университет” жобасы

2023 жылдың 24 наурызында М.М. Уразалин атындағы микробиология кафедрасында «Күміс университет» бағдарламасы бойынша кураторлық топтармен бірлесіп, Семей медицина университетінің микробиология кафедрасының еңбек сіңірген профессоры Уразалин Марат Маутқанұлының 80 жылдығына арналған кураторлық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты студенттерді профессордың өмірбаянымен, оның педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмысындағы жетістіктерімен таныстыру болды. Марат Маутқанұлының тамаша еңбек қызметі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін үкіметтік наградалар бар. Қазақ тіліндегі микробиология оқулығының авторы. Оның 100-ден астам ғылыми жарияланымдары бар, соның ішінде шетелдік ғылыми басылымдар мен журналдарда. Ол бірнеше рет ғылыми еңбектердің ең көп сілтеме жасалған авторы ретінде танылды. «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының бірінші төрағасы болды, оның аясында Семей ядролық полигоны жабылды. Уразалин Марат Маутқанұлының өскелең ұрпаққа өнегесі, үйренері көп! Енді, міне, Марат Маутқанұлы мүмкіндігіне қарай спортпен шұғылданып, ұстаздар мен шәкірттерге өз тәжірибесімен бөлісуде.Құрметті Марат Маутқанұлына шын жүректен алғысымызды білдіреміз, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

Профессор М.М. Уразалин атындағы Микробиология кафедрасы.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір