Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды.
Еліміздің еңсесін биіктетер, бабалар тіккен жеңіс туын қалықтатар бүгінгі ұрпаққа өткен тарихымыз бен соғысы өртінде құрбан болған аталарымызға құрмет көрсетуді тәрбиелеу мақсатында 2023 жылдың 27 наурыз күні «Семей Медицина Университеті» КеАҚ әскери кафедрасында медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденовичтің жетекшілігімен 3622 топ студенттерімен Кеңес Одағының батыры Әбдіров Нүркен Әбдірұлының өмірбаяны, ерлігі туралы тәрбие сағаты өткізілді. Іс- шара барысында студенттер Кеңес Одағы батыры, ұшқыш жайлы көп мағлұматтар алды.
Әскери кафедра басшысы
медицина қызметінің полковнигі Ш.Орынбасаров
[/vc_column_text][vc_single_image image=”142628″][/vc_column][/vc_row]

