«Табиғат және адам»

«Табиғат және адам»

2023 жылдың 18 наурызында ішкі аурулар пропедевтика кафедрасы  №1 жатақанада студенттердің демалатын күні «Табиғат және адам» атты іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жатақанада тұратын студенттердің бос уақыттарын пайдалы түрде өткізіп, ой-өрістерін жоғарлату, тақырыптық дискуссияға тарту болды.  Іс-шараны дайындауда және өткізуге кафедра оқытушылары мен кафедраның кураторлық  3412 топ белсенді түрде қатысты. Іс-шараны өткізу кезінде жатақана студенттері пікір алмасып, табиғатты қорғау және аялау мақсатында көптеген ұсыныстар айтып белсенді қатысты. Кеш өте қызықты өтті. Осы іс-шараны өткізу кезінде барлық ақпарат мультимедия арқылы презентация, видеороликтер, аудиозаписьтер түрлерінде қолданды. Сонымен қатар ойындар ойнатылды, музыкалық ән және билер қойылды. Кафедра ұжымы осы іс-шараны дайындап өткізуге белсенді қатысқан қонақтарға, студенттерге  алғысын білдірді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Дөңгелек үстелдер