26 наурыз – Күлгін күн

26 наурыз – Күлгін күн

Эпилепсия әлемде ең жиі таралған неврологиялық аурулардың бірі. ДДҰ–ның мәліметі бойынша, жер шарының 1% халқы, яғни 50 млн. адам эпилепсиядан зардап шегеді.

26 наурызда бүкіл әлемде «Күлгін күн» (Purple Day) атап өтіледі. Бұл эпилепсия жайлы хабарландыруды арттыру мақсатында жыл сайын өткізілетін халықаралық шара.

27 наурызда симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасында «Күлгін күн» атты эпилепсияға арналған іс-шара өтті. Бұл іс-шараны кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Муканова Д.А. жетекшілігімен 301 топ «Фармация» мамандығы ұйымдастырды.

Іс-шара 3 негізгі бөлімге бөлінді: 1.Теория (тарих, этиология, себептер, статистика, емдеу); 2.Эпилепсия ұстамасы кезіндегі алғашқы жедел көмек; 3.Қорытынды бөлім Kahoot онлайн  платформасында викторина түрінде өтті және финалистер арасында ұтыс ойыны болды.

Іс-шараға студенттер мен кафедра  мұғалімдері белсенді түрде қатысты.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз