Биофизика пәнінен ашық сабақ

Биофизика пәнінен ашық сабақ

Білім берудің интерактивті түрлерін енгізу студенттерді дайындауды жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда білім беру үрдісінде білімалушыларды оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып, белсенді оқытуды ұйымдастыру мүмкіндіктері ерекше маңызға ие.

Соған орай 27.03.2023. «Аурулардың биологиялық негіздері» коммити бойынша ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы К.Т. Кусаинова биофизика пәнінен жалпы медицина мамандығының 2102 тобында  ашық сабақ өткізді. Сабақ TBL интерактивті оқыту әдістемесі бойынша жүргізілді.

Студенттер берілген тақырыпқа сәйкес әрбір кезеңге  байланысты тестілерге жауап беріп, әртүрлі тапсырмаларды талқылап, өз білімдерін қолдана отырып, жауап берді. Сабақ  мазмұнды да, тартымды деңгейде өтті, барлық студенттер белсенді қатысты. Ашық сабаққа м. ғ. д., профессор

С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының

оқытушысы А.Т.Абленова және ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері

Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Қ.Ж.Амангельдина, Ә.Н. Масалимова қатысты.

Осындай технологиямен жүргізілген сабақтар студенттердің өз ойларымен, пікірлерімен алмасуға мүмкіндік туғызады, білімдерін кеңейтіп, топта бірлесіп жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпалын тигізеді.[/vc_column_text][vc_single_image image=”142835″][/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі