Семей медицина университетінде ағылшын тілінде оқытуды енгізудің 25 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция

Семей медицина университетінде ағылшын тілінде оқытуды енгізудің 25 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция

[/vc_column_text][vc_zigzag css=”.vc_custom_1648457604435{margin-bottom: 35px !important;}”][vc_column_text]30.03.2023 Семей медицина университетінде ағылшын тілінде оқытуды енгізудің 25 жылдығына арналған «Халықаралық білім беру жүйесіндегі Қазақстаның медициналық білімнің жетістіктері мен болашағы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.

1998 жылы Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияда алғаш рет Семей мемлекеттік медицина академиясында (қазіргі “Семей медицина университеті” КеАҚ) шетелдік студенттерді ағылшын тілінде оқыту басталды. Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Судан студенттері ағылшын тілінде оқуға мүмкіндік алды. Ағылшын тілінде сабақ беретін университет оқытушылары АҚШ, Англия, Жапония, Корея, Израиль, Сингапур, Австралия, Канада және т. б. білім беру мекемелерінде біліктілігін арттыру, қайта даярлау және тағылымдамадан өтті. 40 – тан астам оқытушының ағылшын тілі оқытушысы мамандығы бойынша екінші жоғары білімі бар (“Қайнар” университетін, Әуезов мемлекеттік университетті., Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институты сырттай бітірген).

2013 жылдан бастап “Семей медицина университеті” КеАҚ Үндістан жоғары оқу орындары қауымдастығының мүшесі, посткеңестік кеңістіктегі жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Университет түрлі іс-шаралар мен жобаларды ұйымдастырады, олардың мақсаты шетелдік студенттерді бейімдеу, халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Сонымен қатар, университет Қазақстандағы шет ел елшіліктерімен, білім алушылардың ата-аналарымен байланыста. Шетелдік бөлімде студенттер сайлайтын студенттік өзін-өзі басқару бар. Пәкістанда, Үндістанда, Германияда, АҚШ-та, Англияда және басқа да жақын және алыс шет елдерде жұмыс істейтін түлектер туралы пікірлер, дайындалған мамандардың біліктілігінің жоғары деңгейін көрсетеді. Шетелдік бөлім жұмыс істеген жылдары 1500-ден астам дәрігер дайындалды. Қазіргі уақытта университетте Үндістан, Пәкістан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Түркия, Бангладеш, Йемен, Ауғанстаннан 1000-нан астам студент оқиды. Шетел бөлімшесінде жақын және алыс шетелдерден азаматтарды оқыту географиясын одан әрі кеңейту жоспарлануда.

Конференция жұмысын облыс әкімінің орынбасары Ш. З. Байбековтың құттықтау сөзінен басталды. Бұдан әрі Басқарма Төрағасы – Ректор А.А. Дюйсупов конференцияның барлық қатысушыларын құттықтап, өз баяндамасында шетелдік бөлімшенің қалыптасу тарихындағы маңызды сәттерге тоқталып, “СМУ” КеАҚ шетел бөлімін құруға баға жетпес үлес қосқан тұлғаларды марапаттады.

Іс-шараның жалғасында құттықтау сөз сөйлегендер: ҚР ДСМ ДНХР директоры Д.К. Алдынгуров, медициналық жоғары оқу орындарының ректорлары: “Қарағанды медицина университеті” КеАҚ, Басқарма Төрағасы – Ректор А.А. Тұрмұхамбетова, “Астана медицина университеті” КеАҚ, Басқарма Төрағасы-Ректор К.Т. Надыров, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ., Басқарма Төрағасы-Ректор М.Е. Шоранов, шетел бөлімінің негізін салушылар: проф. Оразалин М.М., м. ғ. д., проф., ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ж.Ш. Жұмаділов, Dr. Mir Muddasir, “Семей медицина университеті” КеАҚ әр жылдары басшылық еткен ректорлар: м. ғ. д., проф. Телеуов М. К., м. ғ. д., проф. Рахыпбеков Т.К., м. ғ. д., проф. Жүнісов Е. Т.. Конференцияға қатысушы шетелдік қонақтар өз тілктерін жолдады: Chancellor of DPU Patil Prasad Dattajirao, Munjal Akshay – Senior Manager, Clinical Directorate, Max Healthcare Institute. Әр жылдардағы шетел бөлімінің түлектері де құттықтау сөз сөйледі.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]