Ақылы негізде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» циклі

Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларын ақылы негізде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» циклі бойынша біліктілігін арттыру курсына шақырамыз. Курсты п.ғ.к., жалпы білім беретін пәндер кафедрасының доцент м. а. Мұсатаева Июнгүл Сұлжанқызы жүргізеді. Курс бағдарламасында: MS Word-та құжаттарды, кестелік мәліметтерді және графикалық объектілерді құру, пішімдеу және өңдеу. MS Excel бағдарламасында кестелік деректерді өңдеу, статистикалық…

Алғыс айту – парызым

Ақпанның 27 күні жалпы білім беру пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне орай Абай облысы Достық үйінің өкілдері мен Семей медицина университетінің шетел студенттерінің қатыстырылуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараны өткізудегі басты мақсат қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты және өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, Қазақстанда тұратын түрлі ұлттардың тарихы мен мәдени мұрасын таныстыру, студенттердің ой-өрісін кеңейту. Атаулы…

“Психобелсенді заттардан тәуелділіктің алдын алу, лудомания” тақырыбына байланысты “Жалпы медицина”, “Педиатрия” мамандықтарының 1-5 курс студенттерімен жиналыс

2023 жылдың 24, 27, 28 ақпанында Медицина мектебінде «Жалпы медицина», «Педиатрия» білім беру бағдарламаларының 1-5 курс студенттерімен кездесу өтті. Мектеп деканы Узбекова С. Е. студенттерді жастарды әлеуметтендіруге арналған форум материалдарымен таныстырып, қазіргі жастар арасында орын алып отырған мәселелерге тоқталды. Студенттер арасында туындауы мүмкін психологиялық проблемалар, олардың құмар ойындарға тартылуының, деструктивті үрдістердің алдын алу, сонымен қатар…