Үнділік қонақтар университетіміздің симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасында

Үнділік қонақтар университетіміздің симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасында

31 наурызда университетіміздің симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасында үнділік қонақтар болды. Таныстыру дәстүр бойынша Триаж оқу алаңынан басталды, мұнда қонақтарға 2 курстың шетелдік тобы BLS дағдыларын көрсетіп қарсы алып, резидент анестезиолог-реаниматологтар тобы БодиИнтеракт – Виртуалды науқаста кардиологиялық тампонаданың клиникалық сценарийін талдады. Бейнебақылау бөлмесін аралаған соң қонақтар 2-қабатқа көтерілді. Мұнда олар резидент неонатологтар сәтті жүргізген жаңа туған нәрестені реанимациялау процесін бақылап, 3519 топ студенттерімен кардиопульмональды науқас Harwey науқасының жүрегі мен өкпесін тыңдады. LapSim эндовидеотренажері қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды, онда шетел бөлімінің студенттері жұмыс жасауда өз шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, қонақтар «Жедел коронарлы синдром» клиникалық сценарийін, ACLS алгоритмін (кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы) тамашалады. Эпилепсия кезіндегі алғашқы медициналық көмекті фармация факультетінің 301 тобы көрсетті.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: