2023 жылдың 28 наурызында Түлектерді жұмыспен қамту және Medical Foundation бөлімі және Абай облысы білім басқармасының «Инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ-мен бірлесіп, оқыту мазмұны және білім сапасының мониторингі бойынша бөлім басшысы Алиева Төлеуғайша Авалқанқызы атынан Абай облысы мектептерімен «ZOOM» кездесуін өткізді, оған Абай, Аягөз, Ақсуат, Жарма, Бородулиха, Бесқарағай, Көкпекті, Үржар аудандарының білім беру ұйымдарынан 10-11сынып оқушылары қатысты.
Қабылдау комиссиясының әдіскері Кайгелдинова С.А. болашақ талапкерлер университеттің білім беру бағдарламалары туралы, ЖОО-ға түсу ережелері туралы, психометриялық тестілеу түріндегі арнайы емтихан тапсыру туралы, академиялық бағдарлама аясында шетелде оқу мүмкіндіктері туралы, жергілікті атқарушы органдардың қаражатынан гранттар бөлу туралы,Университеттік аурухана сонымен қатар Өскемен, Павлодар қаласындағы филиалдар,университеттің жастар клубтары туралы, т.б. ақпарат ала алды.
Түлектерді жұмысқа орналастыру әдіскері А.К.Ажаровадан болашақ талапкерлер университет түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы ресми ақпарат алды.
Қорытындылай келе, оқушыларға ҰБТ-ны сәтті тапсырып, университетке түсуге тілек білдірілді.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]