Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім беру

Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім беру

2023 жылғы ақпанның 27-сі мен наурыздың 10-ы аралығында Семей медицина университеті мен Астана медицина университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында сабақ жүргізілді.  «Қазақ тілі» пәні бойынша жалпы білім беру пәндері кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к. М.Д. Жорокпаева, Астана медицина университетінің филология пәндері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Жарикова Дидар Рымжанқызы «Жалпы медицина», «Стоматология» мамандығының студенттерімен тақырыптық жоспарға сәйкес сабақтарын өткізді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер білімдерін көрсете отырып, тақырыпқа қатысты қызықты сұрақтармен ой бөлісті. Берілген ақпаратты талдау, түйіндеу, қосымша кеңес алу, жұпта, топта жеке тапсырмалар орындау, рефлексия жасау секілді жаңа аудиториялық оқыту формасында білім алды.

 

ЖББП кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к. М.Д. Жорокпаева

Жарияланды: