Бос орындар жәрмеңкесі – 14 сәуір 2023 ж

Бос орындар жәрмеңкесі – 14 сәуір 2023 ж

2023 жылдың 14 сәуірінде «Семей медицина университеті» КеАҚ ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру және медициналық мекемелерді білікті жас мамандармен қамтамасыз ету мақсатында «Бос орындары жәрмеңкесін»  өткізеді.  Шараға Абай облысы , Шығыс Қазақстан және Павлодар, Атырау, Маңғыстау облыстарынан 70-тен астам жұмыс берушілері қатысады.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі барысында Семей медицина университетінің бакалавриат, интернатура және резидентура түлектері жұмыс берушілермен кездесіп, сұхбаттасуға және жұмысқа орналасуға қатысты сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік алады.

9.00 – 10.00 Қатысушыларды тіркеу

10.00 – 10.30 «Бос орындары жәрмеңкесінің» ашылуы. (Акт залы)

10:30–15:00 Медициналық ұйымдар мен 2023 жылғы түлектер арасындағы келісімдердің  жүргізілуі. (Спорт залы)

Өтетін орны: «Семей медицина университеті» КеАҚ (Абай Құнанбаев көшесі, 103)