Бұл курста географиялық ақпарат пен карталарды құру, пайдалану және ArcGIS жүйесінде ортақ пайдалануды ұйымдастыру дағдыларын үйренеді. Курс тыңдаушылары географиялық деректерді қалай тез табуға, зерттеуге, талдауға және басқаруға, сондай-ақ нақты жұмыс тапсырмалары үшін ақпараттық карталарды қалай құруға болатындығын біледі. Курста басшылыққа, мүдделі тұлғаларға және жалпы жұртшылыққа ГИС – карталары мен ресурстарына тиімді қол жетімділікті қамтамасыз ету әдістері сипатталған. Курстың оқытушысы – “Семей медицина университеті” КеАҚ эпидемиология және биостатистика кафедрасының постдокторант-зерттеушісі Шалтынов Асхат Тоқтарұлы.
Постдокторант Шалтынов Асхат Тоқтарұлының “Қалтадан денсаулық сақтау шығындары мен денсаулық сақтау қызметтерін тұтынудағы теңсіздікті бағалау үшін электрондық жүйені әзірлеу”, ИРН АР15473445 тақырыбындағы Жас Ғалым жобасын іске асыру шеңберінде ArcGIS геокеңістіктік талдау жүргізуге арналған бағдарламаны ” Data+ International” компаниясы тегін ұсынды.
Ынтымақтастық шеңберінде “Data+ International” компаниясы келесі өнімдерге 50 лицензиялық кілт ұсынды: ArcGIS, ArcGIS Enterprise, ArcGIS Pro, Arcgislline, ArcGIS Desktop қосымшалары.[/vc_column_text][vc_single_image image=”143766″][/vc_column][/vc_row]