“Күміс университеті” жоба аясында мерекелік іс-шара

“Күміс университеті” жоба аясында мерекелік іс-шара

Қазақ халқы ежелден адамгершілікті, инабаттылықты, сыйластық пен сыпайылық қасиеттерді өз бойына сіңіре білген дуалы, салиқалы, от ауызды, орақ тілді дана қарттарымызды құрметтей білген. Қарттарын сыйлап,әрдайым құрмет көрсеткен.Осыған орай Семей медициналық университет студенттері Әз-Наурыз мерекесі қарсанында «Семей қалалық қарттар үйіне» барып қайтты.Студенттер қарттарды келіп жеткен мерекемен құттықтап, өздерінің концерттік бағдарламаларын көрсетті. Студенттер арасындағы талантты жастар әртүрлі ән шырқап, би өнерлерін көрсетті. Әртүрлі дәстүрлі аспаптарда ән шырқалды.Концерттік бағдарламаның соңына қарай қарттарға сыйлықтар таратылып берілді.
Іс-шараны ұйымдастырушы Семей медицина университетінің мейірбике ісі кафедрасының оқытушысы Елемес Ақерке Елемесқызы және 2322 “Педиатрия”, 1308 “Стоматология” мамандығының студенттері.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Мерекелер