2023 жылдың 28 наурызында жалпы білім беретін пәндер кафедрасының базасында «Компьютерге бағдарламаны қалай жүктеуге болады?» тақырыбында кездесу өтті. Оқытушы Г.К. Токабаева кеңестік тренинг өткізді. Сабақ барысында компьютерге бағдарламаны жүктеп алудың әр түрлі тәсілдері және басқа да сұрақтар қарастырылды. Қатысушыларға компьютерге бағдарламаны қалай жүктеуге болатыны көрсетілді. Шара барысында тыңдаушылар белсенді қатысып, компьютермен жұмыс жасау дағдыларын жетілдірді. Компьютерлік оқыту курсы жалғасады. Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары Күміс университетінің қатысушылары үшін ең сұранысқа ие және пайдалы тақырыптар бойынша тәжірибелік сабақтар мен кеңестік сабақтарын өткізеді.