2023 жылдың 01 сәуірінде «СМУ» ҚеАҚ студенттер Үйлеріндегі іс шаралардың сенбілік жоспарына сәйкес «Ішкі аурулар және ревматология» кафедрасының қызметкерлері №3 студенттер Үйінде «Мамандықты таңдау – болашақты таңдау» тақырыбында дөңгелек отырыс өткізді. Іс шараға кафедрраның оқытушылары, бірінші және екінші жыл оқып жатқан резиденттер, сонымен қатар, №3 студенттер Үйінде тұрып жатқан студенттер қатысты. Дөңгелек отырыс кезінде резиденттер өздерінің таңдаған гастроэнтеролог, нефролог және ревматолог мамандықтары, оқу барысы туралы айтты. Резидент – гастроэнтеролог Муздубаев Даулет гастроэнтеролог жұмысының ерекшеліктерін, орындалып жатқан ғылыми жобалар, ал резидент – гастроэнтеролог Багдатқызы Фариза мен резидент – ревматолог Бейсенғазыева Ақжан Рязань медицина университетімен академиялық ауысым оқуының қызықты кездерімен бөлісті. Резидент – нефролог Багенова Бағдат білім алушыларға нефрология мен гемодиализ бөлімдеріндегі клиникалық жұмыстар туралы әңгімелеп берді. Білім алушылар өздерін қызықтыратын оқудың ұзақтығы, ағылышын тілін білу қажеттігін, грант туралы, резидентураны Павлодар мен Өскемен қаласында өту мүмкіндігі туралы сұрақтар қойды. Кәсіптік бағдар беру жұмысы кезінде кафедра оқытушылары студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді. Болашақ мамандықты таңдауға арналған кездесу өте пайдалы және қызықты өтті.
«Ішкі аурулар және ревматология» кафедрасында тәрбие жұмысына жауапты ассистенті м.ғ.к. Селғазина М.Б.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]