2023 жылдың 29 наурызда “Семей медицина университеті” КеАҚ базасында еліміздің медициналық жоғары оқу орындары арасында алғашқы рет 8D10102 – Медицина мамандығы бойынша «Витилигомен ауыратын науқастардағы жалпы мазасыздық бұзылыстарымен қан сарысуындағы нейротрансмиттерлер деңгейі мен олардың гендерінің полиморфизмі арасындағы өзара байланысы» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алуға арналған топтама мақалалар түрінде диссертация қорғалды. Диссертация “Семей медицина университеті” КеАҚ жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының базасында орындалды. Докторант Ахметова Альмира Қалиқапасқызының ғылыми кеңесшілері – м.ғ.к., доцент, «Семей медицина университеті» КеАҚ жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының профессорының м.а. және Қасым Лаура Талғатқызы – ф.ғ.д., доцент, Дәлелді медицина курсы бар жалпы дәрігерлік тәжірибие кафедрасы «Астана медицина университеті» КеАҚ.
Автор мен ғылыми жетекшілерді құттықтаймыз және ол кейінгі ізденушілерге үлгі болғанын қалаймыз. Сәттілік тілейміз![/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]