Университет психологының тренингі

«Стоматология» мамандығының 1313 тобы университетіміздің психологы Асылбекова Айгерим Мухаметбековнаның қабылдауында болып қайтты. Атаулы кездесуді ұйымдастырып, психологиялық тренинг өткізудегі мақсат топ студенттерінің топ арасындағы қарым-қатынастарының жай-күйін анықтау, олардың бір-біріне қаншалықты бейімделіп, үйреніскендігін бақылау. Сонымен қатар, олардың арасындағы қатынастарының одан ары нығаюына, топ студенттерінің бірін-бірі жақынырақ тануына, топ алдында өзін еркін ұстап, ойын ашық жеткізе алуына, жалпы әрқайсысының ашылуына мүмкіндік беретін бірнеше тренингтік жаттығулар жүргізілді. Нәтижесінде, топ студенттері біраз сергіп, бір-біріне жақынырақ үйренісіп, әлі беймәлім тұстарынан хабардар болып, алдағы уақытта жылдам бейімделуіне мүмкіндік жасалды деуге болады.
Психологтың топ студенттеріне берген қорытынды мінездемесі жаман болмады. Яғни, олардың ойдағыдай бейімделіп келе жатқандығы, топ арасында ешқандай түсініспеушілік сияқты келеңсіз жағдайдың жоқ екендігі, жалпы топтың арасындағы қатынас өте жайлы қалыптасып келе жатқандығы алға тартылды.
Алдағы уақыттарда да университетіміздің психологы Айгерим Мухаметбековнаның психологиялық тренингтеріне қатысып, қарым-қатынас мәселесіне қатысты біліктілігімізді жетілдіруді көздеп отырмыз.

Жарияланды: