2023 жылдың 10 наурызында КеАҚ “СМУ” Балалалар аурулары пропедевтикасы кафедрасында студенттік ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы өткізілді. Отырыстың тақырырыбы: «Профессор, м.ғ.д., ҚР Медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі Людмила Кұсайынқызы Каражанованың 80 жылдығына арналған «Ғылым және денсаулық» білім алушылардың ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысу үшін баяндмаларды таңдау». Үйірмеге 3 курс ЖМ 3612, 3613 топ студенттері мен үйірме мүшелері және кафедрада студенттік ғылыми үйірме жұмысына жауапы, ассистент А.А. Шакирова және кафедра ассистенттері К.Д Абаева мен А.М. Тугелбаева қатысты. Отырыс барысында әрбір ассистент өз басқаруымен жүретін 3 ғылыми жұмыс туралы баяндады. Сонымен қатар 3613 топ студенті Терлікбаев Арыстан «Нәрестелер мен балалардағы ысқырықты тынысты бағалау» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама студенттер үшін өте қызықты болды, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оған толық жауап алды. Студенттер дискуссияға белсене қатысып, баяндамашы мен отырысты ұйымдастырушыға алғыстарын айтты. Үйірме отырысы барысында «Профессор, м.ғ.д., ҚР Медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі Людмила Кұсайынқызы Каражанованың 80 жылдығына арналған «Ғылым және денсаулық» білім алушылардың ғылыми-тәжірибелік конференциясына» қатысу үшін 3 баяндама таңдалды.[/vc_column_text][vc_single_image image=”144167″][/vc_column][/vc_row]

