2023 жылдың 4 сәуір күні «Абай облысының Қоғамдық даму басқармасы» ММ ұйымдастырумен «Семей медицина университеті» КеАҚ студенттерімен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбына дәріс өткізілді.
Кездесудің мақсаты жас буын арасында деструктивті діни ағым идеологиясына қарсы иммунитетті қалыптастыру және мұндай ағымдардың қауіптілігін түсіндіру болып табылады.
Кездесу барысында, Абай облысының Дін мәселелері бойынша ақпараттық түсіндіру топ мүшесі, облыстың бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлы және Қоғамдық даму басқармасы дін істері бөлімінің басшысы Ғапуов Айбек Еркінұлы тарапынан, университетіміздің білім алушыларына деструктивті діни ағымдардан сақтанудың жолдары, ұлттық құндылықтардың дәстүрлі дінмен сабақтастығы, діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға қауіптілігі жөнінде ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, экстремистік және лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды ғаламтор-ресурстарында, әлеуметтік желілерде таратудың жауапкершіліктері туралы түсіндірілді.
Кездесу соңында мамандар студент жастардың толғандырған сұрақтарына жауап беріп, дін мәселесі туралы сұрақтар туындаған жағдайда Қазақстан мұсылмандар діни басқарамасының ресми сайттарынан іздеген дұрыс екендігі ескертілді.[/vc_column_text]