28 ші наурызда Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы «Жалпы медицина» бөлімінің 3101, 3102, 3324, 3418 және 3520 кураторлық топтарымен бірлесіп, университеттің жиын залында Наурыз мерекесін өткізді. Табиғаттың жаңаруы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасының жан қуанышын, жылулық мерекесін қалайтын адамдардың көңіл-күйінің жаңаруына әкеледі; халқымыздың, республикамыздың жаңа, жақсы болашағы туралы ойларды туғызады. Бұл нағыз халық мерекесі – біздің университет үшін де дәстүрге айналды.
Осы іс – шараның мақсаты-студенттер үшін көктем , мереке атмосферасын жасау, оның мемлекеттік деңгейде маңыздылығын атап өту, қазақ халқының этно-фольклорлық мәдениеті мен дәстүрлеріне құрмет көрсету. Мереке сценарийі дастарханды, халықтық әдет-ғұрыпты және таланттарды көрсетуді қамтыды. Бағдарламада “Беташар”, “Бесікке салу”, “Тұсау кесу” және “Сырға салу” халықтық дәстүрлерІ көрсетілді. Олар осы әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің жастарды адамгершілікке тәрбиелеудегі маңызы туралы үлкен ақпарат берді. Іс-шараның мерекелік атмосферасы қатысушылардың әдемі ұлттық киімдерімен, сондай-ақ қазақ халық әндерімен, домбыра әуендерімен қолдау тапты. Қызметкерлердің балалары Мұхамадиева Інжу мен Жандосқызы Аяланың орындауындағы хореографиялық нөмір ерекше қуаныш сыйлады. Студенттер бұл мерекені өткізуге үлкен жауапкершілікпен қарады, бұл кафедраның көрнекі тәрбие іс-шарасы және оқу топтары кураторларының жұмысының нәтижесі болды. Наурыз мерекесі мол ұлттық дастарханнан дәм татумен аяқталды.
Наурыз қуаныш пен жақсылық әкелсін! Көктемгі жылулық, мықты денсаулық пен ұзақ өмір, бақыт, амандық пен өркендеу тілейміз! Наурыз әрқайсымызға жақсылыққа үміт, ойластырылған істерді іске асыруға сенім берсін!
ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]