2023 жылғы 04 сәуірде Акт залында “Стоматология”, “Жалпы медицина”, “Фармация”, “Қоғамдық денсаулық сақтау” білім беру бағдарламасы бойынша 1-2 курс студенттерімен жиналыс өтті. Жиналысқа Басқарма төрағасының академиялық жұмыс және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. К. Смаилова және қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінің деканы Ы.О. Кайрханова, әдіскер Д. А. Мұратбекова қатысты.
Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
- «Семей медицина университеті» КеАҚ Академиялық саясаты, пәндер саясаты, Академиялық адалдық саясаты, Білім алушылардың ішкі тәртіп ережелері, білім алушылардың әдеп кодексімен танысу.
- Студенттердің сабаққа қатысуы және үлгерімі.
- Студенттердің сыртқы келбеті (киім кию үлгісі, халаттың логотиптің тағылуы және университетке кіру рұқсатта картасы болуы).
- Әр түрлі
Сапалы көрсеткіштерге, студенттердің салыстырмалы үлгеріміне ерекше назар аударылды. Студенттерге «Семей медицина университеті» КеАҚ студенті қандай болуы керектігі тағы да айтылды. Студенттердің назарына әр студенттің өз рұқсат картасы болуы және турникет арқылы тек өз рұқсат картасымен өтуі керек екендігі айтылды. Жиналыс соңында мектеп қызметкерлері студенттердің сұрақтарына жауап берді. Мұндай кездесулерді өткізу, барлық қатысушылар үшін білім беру процесінің проблемалық мәселелерін анықтау және оларды шешу жолдарын қарастыру үшін өте маңызды және қажетті шара болып табылады.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]