1982 жылы 24 наурызда неміс ғалымы Роберт Кох әлемге туберкулез қоздырғышын-туберкулез микобактериясын ашты. Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні 1982 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ( ДДҰ) шешімімен бекітілді. Бұл күні әлемнің барлық елдері жыл сайын туберкулез індетін жоюға бағытталған ауқымды акциялар өткізеді.
Осы іс-шараға “СМУ” КеАҚ Өскемен филиалының ЖДТ кафедрасының интерндері де қатысты. 626 және 627 ЖДТ топтары Өскемен қаласының оқу орындарында “Жасөспірімдерде туберкулездің алдын алу”тақырыбында профилактикалық жиын өткізді. Жиынға 9-11 сынып оқушылары қатысты: “Ахмер орта мектебі” КММ, “Ы. Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі” КММ.”, Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей, «№ 46 орта мектеп”КММ.
ЖДТ кафедрасының интерндері туберкулез, симптомдар, диагностика және алдын алу туралы айтып берді. Оқушылар мен мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді.[/vc_column_text]





