Erasmus+ “HARMONEE” жобасы аясында дөңгелек үстел

Erasmus+ “HARMONEE” жобасы аясында дөңгелек үстел

2023 жылдың 04 сәуірінде “СМУ” КеАҚ-да Erasmus+ “HARMONEE” жобасы аясында дөңгелек үстел өтті.    Дөңгелек үстелге барлық мүдделі тараптар , сыртқы стейкхолдерлер – практикалық денсаулық сақтау өкілдері: “Қоғамдық денсаулық сақтау” факультетінің түлектері, Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы” РММ эпидемиологиялық бақылау бөлімінің және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшылары, “ҚР ДСМ СЭК комитеті” Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау,  Денсаулық сақтаудағы менеджмент, Медико профилактикалық іс мамандығы бойынша докторанттар мен магистранттар қатысты және “HARMONEE” жобасының жұмыс тобы.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: HARMONEE жобасының нәтижелерін ұсыну және талқылау, оның түпкі мақсатына жету.

Жобаның мақсаты: Орталық Азия елдеріндегі ағымдағы қажеттіліктер мен олқылықтарға сәйкес қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы білім мен тәжірибені (қоршаған орта гигиенасы, еңбек гигиенасы және One Health қоса алғанда) жақсарту.

Жоба үйлестірушісі З. А. Хисметова кіріспе сөз сөйлеп, жобаның мәнін түсіндіріп, жобаның нәтижелерін түсіндірді.

Басқарма төрағасының академиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Ж. К. Смаилова құттықтау сөз сөйледі-бұл жобалар біздің Жоғарғы оқу орын  үшін халықаралық және перспективалы жобалар болып табылады, жобаға қатысушыларға одан әрі табыс тіледі.

Көктемгі мектеп қатысушылары Искакова Н, Қусаинова Д, Ибраева Ж “Денсаулық сақтаудағы менеджмент”, “Медико профилактикалық іс”, “Қоғамдық денсаулық сақтау” магистратурасының білім беру бағдарламасына енгізу модульдерін ұсынды . Нәтижелерді практикалық денсаулық сақтау өкілдерімен талқылап, модульдер бойынша олардың пікірлерін тыңдады.[/vc_column_text][vc_single_image image=”145148″][/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: