Киберқылмыспен, оның ішінде телефон және интернет-алаяқтықпен күресу

Киберқылмыспен, оның ішінде телефон және интернет-алаяқтықпен күресу

2023 жылдың 04 сәуір күні  №2 дәріс залында барлық бакалавриат білім беру бағдарламаларының білім алушыларына арналған «Киберқылмыспен, оның ішінде телефон және интернет-алаяқтықпен күресу» тақырыбында кездесу өтті. Жиналыс барысында Абай облыстық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Қабытаев Мират Мейрамбекұлы сөз сөйлеп, соңғы кездері еліміздегі өзекті мәселе – интернет желісінде жасалған алаяқтық болып жатқанын айтты.Бүгінгі таңда қылмыстың бұл түрінің саны күрт өсуде. Кездесу барысында Қабытаев М.М. интернет-алаяқтық түрлерін, алаяқтардың Anidesk немесе Timefuer бағдарламаларын жүктеп алуды жиі сұрайтынына мысалдар келтірді. Полиция майоры студенттердің назарын статистикалық мәліметтерге аударды: ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Абай ауданында осындай 154 қылмыс тіркеліп, оның 15-і ғана ашылды, өйткені олардың ашылуы құқық қорғау органдарына қиындық туғызады. Кездесу соңында білім алушылар барлық сұрақтарына жауап алды.[/vc_column_text][vc_single_image image=”145200″][/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар