05.04.2023 жылы Семей қаласының жалпы дәрігерлік практика кафедрасында КеАҚ Семей медицина университеті «Университетіміздің 70 жылдық мерей тойына арналған» пәндік олимпиада өтті. Іс-шараны кафедра ассистенті Нұржанова А.Е. жетекшілігімен 5213 ОМ тобының студенттері өткізді. Олимпиадаға ОМ 5 курс студенттері қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты студенттердің негізгі білімін, клиникалық ойлауын, шығармашылығын көрсету болды. Олимпиада соңында кафедра профессорының міндетін атқарушы Казымов М.С. алғысын білдіріп, жеңімпаздарға дипломдар табыстады.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]