Inter Professional Peer Training – болашақ ревматолог пен гастроэнтерологтың заманауи маманаралық коллаборациясы

Inter Professional Peer Training – болашақ ревматолог пен гастроэнтерологтың заманауи маманаралық коллаборациясы

Дәрігер мамандығы өзіндік мамандырылған білімді ғана қажет етпей, сонымен қатар басқа дәрігерлік мамандырылған білімді қажет етеді. Жиі бір аурудың емі, қосымша басқа аурудың дамуына ықпал етеді. Клиникалық ойлау дағдыларын дамыту мен мәселелік жағдайларды шешу дағдыларын дамыту үшін ішкі аурулар және ревматология кафедрасында маманаралық өзара оқыту әдісі («InterProfessional Peer Training», IPPT) енгізілген. Әдістің негізгі мақсаты бірнеше маман резиденттері үшін клиникалық жағдайды талдау мақсатында оқыту консилиумын жүргізу болып табылады.

06.04.23ж. «Ревматология» циклы барысында IPPT технологиясы бойынша «Ревматология»  және «Гастроэнтерология» маман резиденттерінің қатысуымен «Ревматологиядағы гастроэнтерологиялық мәселелер»  тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Фасилитатор ретінде м.ғ.к.,  доцент қ.а.  Рымбаева Тамара Хамитовна ашық сабақты бастады. Резидент – ревматологтар Бейсенгазинова Акжан, Ешмухамет Мерей, Ильяс Жанар клиникалық жетекші, профессор қ.а. Горемыкина Майя Валентиновнамен, ассистент Берсимбекова Гульжан Балтабековнамен бірге тақырып бойынша клиникалық жағдаймен таныстырды. Резидент – гастроэнтерологтар  Муздубаев Даулет  пен Бағдатқызы Фариза PhD Шаханова Айжан Тунгышхановнамен бірге гастроэнтерологиялық мәселелердің туындау себебін, заманауи ем тәсілдерімен таныстырды. Талқылау барысында резиденттерге сұрақтар қойылды, науқастарды жүргізу бойынша қосымша нұсқаулар берілді. Консилиум соңында резидентура білім алушылары, жетекшілері IPPT  тезнологиясы бойынша өзіндік оймен бөлісіп, әртүрлі маман дәрігерлерінің бірегей жұмысының қажеттілігін түсіндірді. Ашық сабақ тындаушылары ретінде 6 курс ЖТД интерндері, 4 курс бакалавриат студенттері қатысты.  Қатысушы студенттер мен интердерден де кері байланыс алынды. Ашық сабақта бақылаушы ретінде Жанұялық медицина кафедрасының оқу ісі меңгерушісі, ассистент Хисметова Амина Мухамедоллаевна  және ішкі аурулар мен ревматология кафедрасының меңгерушісі  Каскабаева Алида Шариповна қатысып, сабаққа оң кері байланыс беріп, амбулаторлы жағдайда берілген мәселенің маңыздылығын атап өтті.

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ассистенті Берсимбекова Г.Б.

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]