Психикалық денсаулық әлеуметтік белсенділіктің, әл-ауқаттың және әрбір адамның толыққанды өмір сүру сапасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан кез келген стресстік жағдайларға төтеп бере білу және қоғамымызда жағымды психоэмоционалдық ахуал қалыптастыра алу қажет.
2023 жылдың 04 сәуірінде симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының оқытушысы Жакупбекова Э.А. «Семей медицина университеті» КЕАҚ психологы Асылбекова А.М. «Психикалық денсаулық- адам денсаулығының негізі» атты семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингке «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Семинар-тренинг барысында студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекетіндегі психологиялық денсаулығының маңыздылығы туралы мәселе атап өтілді. Қатысушылар түрлі практикалық жаттығуларды белсенді орындап, пікір алмасты. Денсаулық пен салауатты өмір салты психологиясының алға қойған басты міндеті – адамдардың психикалық және физикалық денсаулығының тепе-теңдігіне қол жеткізетіндей өмір салтын түзетуге және осы денсаулықты ұзақ жылдар бойы сақтауға үйрету екендігі атап өтілді.