Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
«Семей медицина университеті» КеАҚ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті студенттер!
Денсаулық сақтау жүйесінің де, медициналық білім беру жүйесінің де маңызды басымдығы – дәрігерлерді даярлау сапасы. Денсаулық сақтауды цифрландыру кезеңінде болашақ дәрігер мамандарды медициналық мекеменің ақпараттық ортасында жұмыс істеуге дайындау медициналық білім беруді жаңғыртудың өзекті бағыты болып табылады. Болашақ дәрігердің кәсіби құзыреттілігінің маңызды компоненттерінің бірі – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы құзыреттілік (АКТ құзыреті).
Сіздерді «Семей медициналық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – «СМУ» КеАҚ) студенттері арасында Семей медицина университетінің 70 жылдығына арналған «Information-communication technologies» бойынша университетішілік пәндік олимпиадаға қатысуға шақырамыз, ол 2023 жылы 27 сәуірде «СМУ» КеАҚ Жалпы білім беретін пәндер кафедрасында өтеді.
Олимпиаданың мақсаты: студенттердің кәсіби және өздерінің деңгейлерін, медицинаны цифрландыру жағдайындағы шығармашылық қабілеттерін аша отырып, болашақ медициналық мамандардың IT құзыреттілік деңгейін арттыру (Ереже –Қосымша 1).
Олимпиаданы ұйымдастыру комитетіне құжаттарды тапсыру тәртібі
Олимпиадаға қатысу үшін 2023 жылдың 25 сәуіріне дейін https://forms.gle/boUerRQpL7yeCWg16 сілтеме бойынша тіркелу қажет. Қосымша ақпаратты мына мекен-жайдан алуға болады: Қазақстан Республикасы, Семей қ., Абай к-сі, 103 (213 каб.).
Олимпиада ұйымдастырушы комитеті
Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет және қатысуыңызды қалаймыз!
[/vc_column_text][embeddoc id=”1rIUMluX2AswgUX7rwQbLXmSZqPYrATfl” viewer=”drive” download=”none”][/vc_column][/vc_row]

