2023 жыл Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды. Қазақ мәдениетіне, әдебиеті және өнер саласына айтарлықтай үлес қосқан тұлғаның 125 жылдығы бауырлас түркі әлемінде кеңінен тойланатын болды.
Темірбек Жүргеновтің тағылымы мол өнегелі ғұмырын кейінгі өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында «Семей медицина университеті» КеАҚ, Жалпы білім беру пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Алаштанушы, қоғам қайраткері, ақын, әнші, өнертанушы, мәдениеттанушы Құсмиля Нұрқасыммен Темірбек Қараұлы Жүргеновтың 125 жылдығына арналған ақпараттық-танымдық кеш ұйымдастырылды.
Кафедра оқытушылары Толқын Абдыгалымовна Мұздыбаева, Нұргүл Даировна Аманбекова және Лиза Кадирхановна Садықовалардың ұйымдастыруымен өткен шараға жалпы медицина мамандығының 1 және 2 курс студенттері қатысты.
Құсмиля Жырғалыұлының айтуынша ол халқымыздың рухани-мәдени, оқу-білім саласын әр қилы замандар мен саяси жүйе жағдайында өрге сүйреген Қайраткер. “Елім”, “жұртым” деп жан айқайымен жанын оққа да, отқа да қарсы тосқан Күрескер. Жоқты бар қылған, барды зор қылған Жасампаз. Сол жасампаздық, туындыгерлік еңбектерімен есімі ел есінде мәңгі қалған арыс Тұлға! Дүниеде өз бойындағы жаратылыс сыйлаған талант өртіне өртеніп өлгендер, өнер салмағын көтере алмай мертігіп ажал тапқандар аз емес. Қарап отырсақ, соның көбі жиырма мен қырық жастың арасында, ой мен қырды бірдей барлап тұрған шағында кеткен екен. Кешегі 37-де орылып түскендердің баршасының түйінді тағдыры осы. Олардың барлығы көмбесіне жетпей құлаған сәйгүлік тәрізді бойындағы барын сарқи алмай кеткендер. Солардың бірі, әрі бірегейі, Қазақстандағы білім, мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушысы, республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері – Темірбек Қараұлы Жүргенов.
Жалпы білім беру пәндер кафедрасы[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]
[/vc_column][/vc_row]




