«Семей медицина университеті» КеАҚ 11 сынып оқушыларын химия пәнінен облыстық олимпиадаға қатысуға шақырады.
Өткізу күні мен уақыты:
29 сәуір 2023 жыл, сағат 10:00-да
Тіркелу уақыты: 9:15-тен 9:55-ке дейін
Өтетін орны: Абай облысы Семей қаласы, Абай көшесі 103. Сағат 10.00-да. “Семей медицина университеті” КеАҚ бас ғимарат (акт залы, 2 қабат)
Мақсаты: дәрігер мамандығын таңдаған облыстың 11 сынып түлектерінің қызығушылығын арттыру және жаратылыстану-ғылыми мамандықтарға түсетін дарынды балаларды анықтау.
Міндеттері: Жоғары оқу орындарына дейінгі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, талдау және сыни ойлау дағдыларын, ғылыми – зерттеу қызметіне қызығушылығын анықтап дамыту, медициналық мамандықтарды таңдау себептерін анықтау.
Олимпиада мемлекеттік, орыс тілдерінде өткізіледі.
Олимпиада екі кезеңнен тұрады, жазбаша тестілеу түрінде өткізіледі, тесттерге орта мектептің химия бағдарламасынан бойынша сұрақтар енгізіледі.. Жазбаша тестілеу I, II, III деңгейдегі – 30 тест сұрақтарынан, бағдарламаның жоғарыда аталған бөлімдерінен тұрады.
Олимпиаданың жазбаша кезеңі 80 минутқа созылады, үзіліссіз өткізіледі.
Абай облысы білім басқармасы облыс оқушыларына хабарлау және әдістемелік қолдауды қамтамасыз етеді.
Қатысушыларды тіркеу және жіберу өтінім негізінде жүзеге асырылады (Т. А. Ә., оқу орнының реттік саны мен атауы, облыс, қала, оқыту тілі, байланыс телефоны, е-mail – ге жіберіледі: smu@smu.edu.kz (Олимпиада басталу уақытына дейін 7 күн бұрын).
Олимпиада нәтижелері бойынша 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
Қатысушылардың тұрғын орны мен жолы жіберуші ұйым тарапынан жүргізіледі.
Жауапты: м. ғ. д., профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының меңгерушісінің м. а. , б. ғ.к., доцент м.а Олжаева Рауза Романовна; аға оқытушы Абленова Әлия Төлеуханқызы; х.ғ.к., доцент Дінжұманова Раушан Тілеуғазинқызы; PhD Омарова Айгүл Шайзуллақызы; магистр, оқытушы Лауенова Сәния Ақманқызы.
Төлеубаева Қамшат Серғазықызы – түлектерді жұмысқа орналастыру және Medical Foundation бөлімінің бастығы.
Байланыс телефондары: 8 (72 22) 32-61-80; 8 778 008 57 56
“Семей медицина университеті” КеАҚ қабылдау комиссиясы
Электрондық почта: e-mail: smu@smu.edu.kz
Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті

