Әскери кафедра студенттерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызмет қатарына тарту бойынша үгіт-насихат жұмысы

Әскери кафедра студенттерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызмет қатарына тарту бойынша үгіт-насихат жұмысы

04 сәуір 2023 жылы тәрбие жұмысы аясында 28738 әскери бөлімінің Кадрлар бөлімі бастығы капитан К.С. Токановтың «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында білім алушы  3 курс студенттерімен «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында әскери қызметті өткеру тәртібі» тақырыбында кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында капитан К.С.Токанов студенттерге келісімшарт бойынша әскери қызметке түсу тәртібі, өткеру шарттары, жеңілдіктері, әскери қызметшілер құқықтары мен міндеттерін жеткізді. Студенттерді қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.

Әскери кафедра студенттері мен оқытушылар құрамының белсенді қатысуымен  кездесу өте тартымды да қызықты өткізілді.

Тәрбие жұмысына жауапты

медицина қызметінің подполковнигі  Н.Смаилов

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір