2023 жылдың 17 наурызында «Балалар аурулары пропедевтикасы» кафедрасында кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент м.а. Тоқтабаева Б.Ж. және оқытушылар бастамасымен «Біртуар дәрігер Айтхожина Сайра Малғаждарқызымен кездесу» атты іс-шара өткізілді.
Қатысушылар: 4211, 4212 ЖМ топ студенттері.
Айтхожина Сайра Малғаждарқызы жоғары санатты отбасылық дәрігер, еңбек өтілі 37 жыл. Тәуелсіз сарапшы. Құрмет грамоталары мен марапаттары бар, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған, «Үздік отбасылық дәрігер және оның ұжымы» республикалық байқауының Гран-при иегері.
Болашақ дәрігерлер көптеген тәжірибелік сұрақтар қойды. Біртуар дәрігермен кездесуде дәрігер мамандығын таңдаудың, адамгершілігі мен Гиппократ антына адалдықтың маңыздылығы тағы бір мәрте айтылды. Студенттер өздерінің кәсіби қызметінде пайдалы болатын білім алғандарын атап өтті.
Шара соңында студенттер Сайра Малғаждарқызына кездесу үшін алғыстарын білдіріп, көп жылғы еңбегіне жеміс тіледі.
Мұндай кездесулер әрқашан қызықты және дәрігер болып қалыптасу үшін қажет деп санаймыз.
Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы.