2023 жылдың 8-9 сәуір аралығында Семей медицина университетінің 70 жылдық мерейтойы аясында «Salauat CUP IX» республикалық пікірсайыс турниры өтті. Турнирға 95 команда тіркеліп, 32 фракция іріктеліп алынды. Турнирға Еуразия Ұлттық Университеті, Назарбаев Университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті, Шәкәрім Университеті, Әлихан Бөкейхан университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Туран университеті, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттік жастар өкілдері қатысты.
Турнирдың мақсаты: жастар арасында шешендік шеберлікті дамыту, сыншыл ой қабілетті және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, қазіргі қаманғы қоғамның өзекті мәселелерін талдау және дебатты қозғалысты насихаттау.
Турнир барысында спикерлер жаратылсыстану-гуманитарлы ғылым саласындағы, гендік инженерия дамуындағы, денсаулықты қорғау саласындағы өзекті мәселелерді, жоғары білім сұрақтарын, жастарды әлеуметтік қолдау және т.б. сұрақтарды талқылады.
Екі күнге созылған жарыста финалға 4 фракция шықты. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды, олар:
1-орын және 250 000 тенге қаржылай сыйлық – Нуртас Куздеубаев (М.С.Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ түлегі), Долдинов Богенбай (ЕНУтүлегі);
Финалистер:
Амир Омиржанов (ЕНУ студенті), Сания Рисбекова (Назарбаев университет студенті) – 100 000 тенге;
Турсынбаева Аяулым (Шакарим университетінің студенті), Ахаткызы Бинур (Туран университеті студенті) – 100 000 тенге;
Лаура Мараткызы, Қабдылқызы Нурбибі (ЕНУ түлектері) – 100 000 тенге;
«Үздік спикер» – Омиржанов Амир (ЕНУ студенті) – 50 000 тенге
«Үздік төреші» – Кыдырмолдин Эльдар (Семей медицина университеті) – 50 000 тенге
Жеңімпаздар мен қатысушылар ақшалай сыйлықтармен, кубоктармен және Семей медицина университетінің дипломдарымен марапатталды.
Турнирға қатысушылар Семей медицина университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры А.А.Дюсуповке, шараның ұйымдастырушыларына өздерінің алғыстары мен ризашылықтарын білдірді![/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]




