2023 жылдың 10 сәуірінде университет қабырғасында, кафедра меңгерушілеріне, кафедраның оқу ісі меңгерушілеріне, курс үйлестірушілеріне «Таза парақтан» жаңа реттеу саясаты: Негізгі тәсілдер» тақырыбында семинар өткізілді. Басқарма Төрағасының академиялық және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Смаилова Ж.Қ., семинарға қатысушыларға білім беру стандарттарындағы өзгерістерді сипаттап, микроквалификация бағдарламаларын іске асыруға, онлайн мүмкіндіктерді пайдаланудың инновациялық тәсілдерін пайдалануға, сондай-ақ «таза парақтан» реттеу саясатына қатысты мәселелерді ұсынды. Қатысушыларды Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен таныстырды. Қатысушыларға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлігінде білім беру жүйесінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері ұсынылды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]




