Жалпы білім беретін пәндер кафедрасында «Күміс университеті» жобасы аясында компьютерлік сауаттылыққа оқыту жалғасуда. 2023 жылғы 6 сәуірде кафедра оқытушысы А.Б. Букатаеваның жетекшілігімен “WhatsApp мессенджерін қолдану”, “Telegram мессенджерінің артықшылықтары” және т.б. тақырыптарда консультациялық тренингтер өткізілді.
Курста тәжирибелік сабақтар мен шеберлік сыныптары өткізіледі. Жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушылары «Күміс университеті» жобасы аясында жұмысты жалғастырады. Оқытушылар жоба қатысушыларына компьютерлік дағдыларды жетілдіруге ең сұранысқа ие соңғы технологиялық үрдістерден хабардар болуға көмектеседі.