2023 жылдың 6-8 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға Қазақстанның және шет мемлекеттердің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының студенттері, магистранттары және жас ғалымдары қатысты.
7 сәуірде «Медицина, денсаулық сақтау және денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» атты 1-ші секцияға «СМУ» КеАҚ «Фармация» мамандығының 4 курс студенттері Амангелдинова Аружан және Абдулкаримов Илгам қатысып, «Қант диабеті. Фитотерапия. Шөптік гипогликемиялық препараттар» тақырыбында баяндама жасады. Жұмыс б.ғ.к., РЖА профессоры, кафедра меңгерушісінің м.а. Олжаева Р.Р. жетекшілігімен жүргізілді. Конференцияның қазылар алқасының бағалауының қорытындысы бойынша баяндама ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Студенттерімізге алғысымызды білдіреміз және құттықтаймыз, мұнымен тоқтап қалмай, ғылымида жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!
Ғылыми жетекші Олжаева Р.Р.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]